Тибет автономдық ауданында алдағы үш жыл ішінде өмір сүруге, жұмыс істеуге және туризм үшін қолайлы 20 қала мен кентті салуды жоспарлап отыр.
Құрылыс жұмыстарының басталу рәсімі таяуда ғана Гонггар уезінде өткен.
Жобаның ерекшелігі табиғатқа қамқорлықпен қарау: құрылысшылар ағаштарды барынша көптеп сақтап, тауларды жоймауға және жасанды су қоймаларын жасамауға тырысады.
Жаңа қалалар автономдық ауданның 7 округінде орналасатын болады. Нысандарды жоспарлаудың соңғы кезеңі өтіп жатыр.