Әлемдегі ең биік әткеншек Стокгольм қаласында. Eclipse деп аталатын аттракционның ұзындығы 120 метрден асады.
24 орынды бұл әткеншек Стокгольм қаласының ортасындағы Грена Лунд аттракцион паркінде орналасқан. Eclipse әткеншегінің максималды айналу жылдамдығы 70 км/сағ-қа тең.
Әткеншекке отырып, оны сынақтан өткізген алғашқы адам — швед астронавты Арне Кристер Фуглесанг.