Немістің Audi компаниясы өзінің Lunar Quattro аппаратын ғарышқа ұшыруға дайындалуда. Жуық арада аппарат Берлиндегі Part-Time Scientists ғылыми тобына беріледі.
Бұл топ Google компаниясы жариялаған Lunar XPRIZE сайысына қатысады. Сайыстың басты шартына сәйкес, қай компания жол талғамайтын ғарыш аппаратын Айға бірінші болып жеткізсе, жеңімпаз атанады.
Әлемнің айтулы инженерлері білек сыбана жарысқалы отырған бұл сайыста 30 миллион доллар ақша бәс етіп тігілген. Сондай-ақ аппарат Айдың беткі бөлігімен, кем дегенде, 500 метрді жүріп өтіп, Жерге оның серіктесінің анық етіп түсірілген суреттерін салып жіберу керек. Audi-дің Айда жүргіш аппараты алюминийден жасалған. Аппараттағы арнайы панель күн энергиясын электр қуатына айналдырады. Ол жылдамдықты сағатына 3,6 шақырымға дейін арттырады.