Tiffany Setting танымал сақинасының аты аңызға айналғаны белгілі.
«Завтрак у Тиффани» фильмі арқылы көпшілікке танымал зергерлік бұйымның әлем сәнқойларының жүрегін жаулағаны белгілі.
Ал Tiffany & Co компаниясы сәннен хабары бар бикештерді өзінің соны әрі көз тартар әшекей бұйымдарымен қуантып келеді.
Tiffany Setting сақинасына биыл 130 жыл толады. Сақиналардың осы моделі әлемде ұсыныс жасауда ең өтімді сыйлыққа айналды. Мерейтой қарсаңында бренд сақинаға арнап жарнамалық кампания ұйымдастырылды.
Суретте әр сақинаны қолдан жасап жатқан зергерлердің жұмысы бейнеленді.