Бірқатар зерттеулер мен эксперименттер жүргізген нейрофизиолог мамандар ызақор адамдардың ми көлемі мейірімді жандарға қарағанда едәуір кішкентай болатынын анықтады.
Бірегей тәжірибеге үш жүз ерікті қатысты. Олардың жартысы жан-жағындағы адамдарға мейірімділікпен қараса, қалған бөлігі ызалы, өпкелі, ашушаң мінез-құлық иесі болған.
Зерттеу барысында мейірімді адамдардың миы ашушаң адамдарға қарағанда үлкенірек екені анықталды, сондықтан эксперимент авторлары миы кішірек адамдардың табиғатынан мінез-құлқы ашушаң болады, оларды бұл үшін кінәлау орынсыз деген тұжырымға келді.
Авторлардың тұжырымымен барлық мамандар келісе қоймады, көпшілігі зерттеуге аз адам қатысқанын, алынған нәтиже дәйекті дәлел бола алмайтынына сенімді.