12 желтоқсанда Лондонда 31 жастағы ирландиялық Гари О’Салливанды жеңген 26 жастағы кіші Крис Юбанк келесі жекпе-жегін 5 наурызда өткізбек. Юбанктың қарсыласы 25 жастағы отандасы Ник Блэквелл болады.
Еске сала кетейік, бұған дейін кіші Юбанктың әкесі, екі салмақ дәрежесіндегі әлемнің бұрынғы чемпионы, британдық Крис Юбанк оның баласының алдағы уақытта басты мақсаты IBF, WBA (Super) және WBC (Interim) титулдарына ие орта салмақтағы аса күшті спортшы, қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жекке шығу екенін бірнеше рет мәлімдеген болатын.