Жасанды интеллектінің дамуы салдарынан алдағы 10 жылда көптеген мамандықтар жойылады, деп хабарлайды CNN Money басылымы. Америка банкінің есебінде, 2025 жылдары роботтар АҚШ-та өндіріс жұмысының 45 пайызын атқарады делінген. Қазір бұл көсеткіш — 10%.
Жойылатын кәсіптер қатарында — мәліметтерді өңдеуге қатысты әкімшілік қызметтер, өндірістік мамандар тұр. Роботтандыру 80-100% қамтитын мамандықтар қатарында — такси жүргізушілері, наубайшылар, фармацевтика қызметкерлері, сақтандыру агенттері, сатушылар, салық жинаушылар бар.
Сұраныс азаймайтын салалар ретінде түйсікті талап ететін, адам жанын түсінетін әрі әлеуметтік қарым-қатынасты қажет салалар аталуда. Олар — дәрігерлер, психологтар, өрт сөндірушілер, полицейлер, әртістер, әлеуметтік және дін қызметкерлері.
Экономика сарапшылары роботтандыру жаһандық экономиканы өзгертіп, табыстың әркелкілігін арттыра түседі деп болжауда. Өйткені, автоматтандырудан төмен жалақылы әрі біліктілік талап етілмейтін қызметкерлер зардап шегеді.
Алайды Deloitte зерттеулеріне қарасақ, Англияда соңғы 140 жылда жаңа технология алмастырып жабылған жұмыс орындарынан оған қызмет көрсетуші жұмыс орындары көп ашылған.