2018 жылы «Титаник II» өзінің алғашқы сапарына аттанбақ. Ол 1912 жылы құрастырылған және өзінің алғашқы жүзген кезінде айсбергпен соқтығысып, суға батып кеткен мұхит лайнері іспеттес.
«Титаник» көшірмесін австралиялық саясаткер әрі бизнесмен Клайв Палмерге тиесілі Blue Star Line компаниясы құрастырып жатыр. Ол сапарға Дубаидан шығатын болады.
Оның ұзындығы 265 метр, биіктігі 52 метр және салмағы 40 тонна, яғни «Титаникпен» бірдей болмақ. 1235 жолаушыға және 900 экипаж мүшесіне лайықталған.