Домой Жаңалықтар Қоғам Халық алдында есеп берген Әділбек Жақсыбеков 45 азаматты жеке қабылдады

Халық алдында есеп берген Әділбек Жақсыбеков 45 азаматты жеке қабылдады

Халық алдында есеп берген Әділбек Жақсыбеков 45 азаматты жеке қабылдады

Халық алдында есеп берген Әділбек Жақсыбеков 45 азаматты жеке қабылдадыАстана әкімі Әділбек Жақсыбеков халықпен есеп беру кездесуі аясында жеке қабылдауына жазылған 45 азаматпен кездесті, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Қала басшысы өзінің баяндамасынан кейін бес сағат бойы жеке өзі елорда тұрғындарының тұрғын үй, жер учаскелерін бөлу, құрылыс пен үлестік қатысушылардың проблемалары, білім, ПИК және жолаушылар тасымалы мәселелеріне қатысты сұрақтарына жауап берді.
Ондаған азамат коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға мұқтаждылар тізімі бойынша кезекті күтпей баспана беруді сұрады. Алайда, заңнама бойынша мүгедектер мен ҰОС қатысушылар, сондай-ақ, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ғана мұндай басымдыққа ие болады.

Қала әкімінің қабылдауында жиі көтерілген мәселелердің бірі — үлестік құрылыс секторындағы проблемалар. Осы мәселеге қатысты сегіз сауал жолданды, бұл ретте қабылдауға жазылған екі тұрғын — үлескерлер тобының өкілдері. Елорда басшысы халықпен кездесу барысында өз баяндамасында әрбір проблемалық нысан бойынша шешім алгоритмі әзірленгенін, сондай-ақ, барлық мәселелер қала басшысының бірінші орынбасары Сергей Хорошунның төрағалығымен үлестік құрылыс мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияда қаралатынын атап өткен болатын. Айта кетейік, бүгін әкімге құрылысшылар да жолықты.

Тұрғын үй, спорттық және аула клубын, шыны мен керамиканы пайдаға асыратын зауыттың құрылысы үшін және т.б. мақсаттарда жер учаскелерін бөлуге қатысты өтініштер де болды. Тұрғындар қаланы абаттандыру бойынша жобаларын ұсынды, кейбіреулері елорданы көгалдандыру мәселесіне алаңдаушылық танытты. Елордалықтардың бірі әкімнің жеке қабылдауында орталық паркте «Шолу дөңгелегі» жобасын іске асыруды ұсынды, екіншісі Суворов көшесінде гүлбақ жасауды сұрады. Айта кетейік, соңғы мәселе бойынша жобалық-сметалық құжаттама табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен әзірленіп, жоба келер жылдың мамыр айында қолға алынатын болады.

Қалалық емхана қызметкері Айнаш Сағадиева қызметтік пәтерін ауыстыру туралы өтініш жасады. ДЦП-ға шалдыққан баласы бар ана үшін алтыншы қабаттағы пәтер мен лифттің болмауы біраз қиындықтар тудырады, сондықтан ол басқа қабаттан пәтер беруді өтінді. Бұл мәселе оң шешімін тауып, тұрғын үй және денсаулық сақтау басқармаларына тиісті тапсырмалар берілді.

Әкімнің қабылдауына соңғы болып жазылғандардың бірі 72 жасар спортшы Салтанат Түйтебаев. Бұл қала басшысына алғысын білдірген жалғыз тұрғын. Жеңіл атлетикалық жүгіруді ұнататын Түйтебаев Ә. Жақсыбековтің де жүгіруге әуес екендігін біледі және астаналық марафонда онымен бірге жүгіруге ниет білдірді. Елорда әкімі С. Түйтебаевпен қыркүйек айында Астанада өтетінін қайырымдылық халықаралық марафонда кездесуге уағдаласты.

Әкімнің орынбасарлары өздерінің жеке қабылдаулары аясында қырықтан астам тұрғынды қабылдады. Бүгін әкімнің немесе оның орынбасарларының қабылдауына жазылғандардың барлығы тыңдалды. Жеке қабылдау арқылы әкімнің есеп беру кездесуін өткізудің жаңа форматы тұрғындар тарапынан қолдау тапты.

Сонымен қатар, Конгресс-Холл холлында қала тұрғындарын мазалаған сұрақтарға қалалық басқармалар мен департаменттердің өкілдері де жауап берді.

Күні бойы тұрғындардан жетпіске жуық жазбаша өтініш келіп түскен, оларға жақын арада жауаптар берілетін болады.

null null null null null null

ҚазАқпарат

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here