Домой Жаңалықтар Қоғам ҚХА 1 наурыз – Алғыс айту күнімен құттықтайды

ҚХА 1 наурыз – Алғыс айту күнімен құттықтайды

ҚХА 1 наурыз – Алғыс айту күнімен құттықтайды

ҚХА 1 наурыз – Алғыс айту күнімен құттықтайдыҚазақстан халқы Ассамблеясы еліміздің барша азаматтарын 1 наурыз – Алғыс айту күнімен құттықтайды! Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойлық жылында Ұлттық күнтізбемізде осы мерекенің пайда болуының мағынасы терең.

Бейбітшілік, достық пен келісім құндылықтары Қазақстанның көпұлтты халқының тарихи тағдырымен ұштасқан. Бұл күні біз Қазақстанның көпэтносты жасампаз халқының ортақ тарихына құрмет білдіреміз.

Алғыс айту күні – Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты. Елбасының дана, сарабдал саясатының нәтижесінде Қазақстанда қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің бірегей үлгісі қалыптасты, оның арқауы — Қазақстан халқы Ассамблеясы.

Бірлік, тұрақтылық және келісім еліміздің экономикалық қуатының берік іргетасы, саяси, әлеуметтік және мәдени міндеттерді шешу жолындағы сенімді кепілі болды. Бұл қағидаттар жаңа заманның сын-қатерлеріне біздің жауабымыз болады.

Қазақстан халқы Ассамблеясы үшін бұл күн ерекше қуанышты мереке, себебі дәл осы 1 наурыз — Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні Алғыс айту күні болып жарияланды.

Даталардың түйісуі біздің жаңа мерекемізге ерекше мағына және айрықша маңыз береді, ол адамдар арасындағы, Қазақстанның біртұтас халқын құрайтын барлық этностар арасындағы өзара сенім мен сыйластық деңгейінің жоғарылығын, өзара түсіністік пен терең құрметті білдіреді.

Даталардың бұл түйісуі кездейсоқтық емес. Мемлекет басшысының өзі Ассамблеяның құрылған күнін жыл сайын барлық этностардың бір-біріне және оларды өз туғанындай қабылдап, мейірбандық танытқан қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту туралы ұсыныс айтқан болатын.

Алғыс айту күні – қуғын-сүргінге ұшырап, аласапыран заманның тауқыметін тартқан халықтың рухани игілігі – кеңпейілділігі мен қайырымдылық дәстүрлеріне терең тағзым белгісі.

Біз Тәуелсіздіктің мерейтойы қарсаңында ынтымағы жарасқан, бірлігі бекем, тең құқықтар иеленген және нұрлы болашақ жолында зор жауапкершілікпен топтасқан Болашағы Біртұтас Ұлт қалыптастыру туралы мәлімдедік.

Қазақстан халқы Ассамблеясы мемлекетіміз бен қоғамымызды жаңартуға, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының негізінде Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға бағытталған барлық реформалардың жүзеге асырылуына атсалысады.

Біз қазақтың қасиетті жеріндегі ең басты құндылығымыз – бірлік пен татулық үшін ортақ жауапкершілігімізді сезінеміз және жарқын болашағымызға нық сенеміз.

Мереке құтты болсын, қымбатты қазақстандықтар!

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here