Домой Жаңалықтар Мәдениет Айқын өзін продюсерлік қырынан сынап көрмек

Айқын өзін продюсерлік қырынан сынап көрмек

Айқын өзін продюсерлік қырынан сынап көрмек

Айқын өзін продюсерлік қырынан сынап көрмекЭстрадамыздың жарқын жұлдыздарының бірі Айқын өзін продюсерлік қырынан сынап көрмек. Әншінің алғашқы продюсерлік жобасы — Дуэт «А».

Алфавиттің бірінші әріпімен аталған дуэт Олжас Бектұрсын және Маржан Қалыбек есімді екі әншіден құралған. Олжас пен Маржан көпшілікке «Жанды дауыс» жобасынан таныс.

Олжас Бектұрсын аталмыш жобада Айқынның жетекшілігінде өнер көрсетіп, өзінің ерекше дауысымен болашақ продюсерінің көзіне түсті. Ал Маржан Луинаның жетекшілігінде өнер көрсеткен болса да, Айқын оны бірден байқап қалды. Маржан жобадан шығып кеткен соң, дарынды аруға кәсіби әншілік жолын бастау туралы үш түрлі ұсыныстар түсті. Солардың ішінен жас әнші Айқынның ұсынысына тоқтады.

Дуэт қатысушыларының өнерден тыс өмірі жайлы айтатын болсақ, 93-жылғы Олжас қазір Жүргенов өнер академиясының 4-ші курс студенті. Қапшағай қаласының тумасы болып табылатын 23-жасар Маржан дизайнер мамандығын оқып жатыр.

Топтың атауы продюсер есімінің алғашқы әріпі мен алфавиттің бірінші әріпіне байланысты болса керек.

Әзірше дуэттің репертуарында «Естідім» деп аталатын бір ән бар. Жуырда екінші ән де дайын болмақ. Екі туындының қайсысына бейнебаян түсірілетіні әлі белгісіз.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here