Домой Жаңалықтар Мәдениет Өндірісте де үздік, өнерде де алда

Өндірісте де үздік, өнерде де алда

0
Өндірісте де үздік, өнерде де алда

index

Ақсу ферроқорытпа зауытының мемлекеттік тілді дамыту секторы 2016 жылды әдеттегідей «Биле, биле!» атты би сайысымен ашты. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған бұл шара 20- ақпанда Ақсу қаласының «Балалар шығармашылық үйінде» өтті.

Аталмыш байқау Ақсу ферроқорытпа зауыты жұмыскерлерінің шығармашылығын дамыту,  cалауатты өмір салтын қалыптастыру үшін қазақ әндерін және әртүрлі жанрдағы билерді таныстыру мақсатында ұйымдастырылды. Аталған сайыстың басты ережесі кез келген би түрі қазақ әндері арқылы ғана орындалуы тиіс. Бұл сайыста 10 цехтың атынан мың бұралған биші қыздарымыз бен сері жігіттеріміз өз өнерлерін ортаға салды. 9 нөмірден құралған додаға 21 үміткер қатысты. Сахнада сайыскерлер бар өнерін салып, ең үздік биші атануға тырысып бақты. Олар вальс, қара жорға, лезгинка, үнді биі, қазақ халқының ұлттық билері, брэйк данс, хип-хоп және т. б. танымал би түрлерін үздік орындап шықты.

Әділ-қазылар алқасының мүшелері Ақсу қаласы Балалар шығармашылық үйінің хореографы Валерия Цицюрская (төраға), Ақсу қаласының құрметті азаматы Мұрат Әбілтаев, Ақсу ферроқорытпа зауыты Авто-көлік цехы кәсіподақ комитетінің төрағасы Наталья Гептинг.

Сайыс нәтижесінде Евгения Гоголева, Тамара Қабатова, Фариза Мұхтаровалар «Көктем салтанаты» атты туындысымен үздік шығып, І орынға ие болды. Ал Галина Афанасьева, Лидия Кочубей, Галина Павлова, Мейрамгүл Шарипбаева, Құндыз Кулгутановалар «Қыздар-ай» биімен ІІ орынды еншілесе, Татьяна Галлиулина «Әсерлі самбо» атты биімен ІІІ орынға ие болды.

Сонымен қатар, «Ең ұйымшыл ұжым» номинациясы «Сүйіктім» атты үнді биін билеген БӨҚжАЦ өнерпаздары Айдана Ибрай, Светлана Юзюк, Азиз Ахмедиев, Дәулет Сүлейменовке бұйырса, ал «Қара жорға» биін сомдаған № 6 цехтың от төзімдеушісі Қанат Әбілдашев «Ең әсерлі би» аталымында үздік деп танылды.

Қатысушылардың барлығы алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталып, жеңімпаздар ақшалай жүлделерге ие болды.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here