Домой Жаңалықтар Мәдениет «30 жаста ұзатылу» комедиясының трейлері жарық көрді (ВИДЕО)

«30 жаста ұзатылу» комедиясының трейлері жарық көрді (ВИДЕО)

«30 жаста ұзатылу» комедиясының трейлері жарық көрді (ВИДЕО)

"30 жаста ұзатылу" комедиясының трейлері жарық көрді (ВИДЕО)Асқар Бисембиннің «Замуж в 30» («30 жаста ұзатылу») деген комедиясының алғашқы трейлері пайда болды.

Сюжетте жасы 29 жасқа келсе де, әлі күйеуге шыға алмай жүрген қыз туралы баяндалады. Жалғыздықтан сарғайып, енді ешкімге керек емеспін деп шешкен Анель өмірмен қош айтыспақ болады. Дәл осы сәтте тағдыр оған тосынсый жасайды — ол Дастан есімді жігітті кездестіреді. Соңғы мүмкіндігінен айырылып қалмау үшін барлығына да дайын.

Фильмде басты рөлдерді Әсел Сәдуақасова, Санжар Мәдиев, Құмар Лұқманов, Талғат Кенжеболатов (Кентал), Берік Айтжанов, Дәстен Шәкіров сомдайды.

Картинаның өндірісімен Әсел Сәдуақасованың «Sunny production» компаниясы айналысқан. Айта кетейік, бұл Әсел мен Асқар Бисембиннің алғашқы әріптестігі емес. Осыған дейін олар «Адель» мелодрамасын шығарған болатын.

«Замуж в 30» фильмі 2016 жылы 7 сәуірде прокатқа шығады.

baq.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here