Ұлты орыс болып келетін, қазақстандық журналист Максим Рожин әлемеуттік желідегі парақшасында бүгінгі «Алғыс айту» күніне орай қазақ халқына алғысын білдірді.
Сонау ашаршылық кездегі нағашы әжесі мен оның інісі туралы естелікпен бастаған Максим, олардың балалық өмірінен сыр шертеді.
Ашаршылық жылдар. Қызылорда облысы Қазалы станциясы. Темір жолда күніге 6 жасар қыз бен 4 жасар бала шпалдың арасында бір нәрсе теріп жүр. Ол менің нағашы әжем мен оның інісі. Олардың теріп, азық қылғандары пойыздан жерге үгітіліп түскен күнжараның ұнтағы. Вагондардың соқтығысынан жерге түсетін күнжара болмағанда, 10 баласы бар көрші отбасыңа барып 11-шi және 12-шi бала болып қосылады. Амал қанша, әжемнің анасы екі баласын жалғыз асырады, өзі аш болса да, сол екі баласының қамын ойлап, күндіз-түні жұмыста болды. Ал екі балапанын өз баласындай көрген Алеке аға бөтенсімей, бар қамқорлығын аямаған. Ашығын айтқанда аман алып қалған сол кісі.
Алеке аға, өзіңізді әжемнің күнде айтатын рахметі мен ризашылығының арқасында ғана танимын. Озіңізді осындай қайрымды жан болып тәрбиелеген қазақ халқына мың Алғыс. Әжем секілді басқа да ұлттардың баласымен, қиын сәтте бір үзім нанды бөлісе білген ұрпақтарыңызға, қазақ халқының әрбір өкіліне Аллаһ тағала екі дүниенің жақсылығын нәсіп етсін! Мен, менің ұрпағым сіздің алдыңызда әжеме жасаған жақсылық үшін қарыздар!!! Әжемнің алғысы бір күндік емес, оның алғысын мен күнде естимін. Қазір 87 де! Оны көріп, әңгімесін естіп мен де сіздің алдыңызда басымды иемін, менің де сізге деген Алғысым шексіз!!!