2-7 наурыз аралығында Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Стенд атудан Қазақстан Республикасы Кубогының I кезеңі өтеді.
Жарысқа Астана, Алматы қалаларымен қатар Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан 80-ге жуық спортшы қатысады.
Жарыстың мақсаты елімізде Стенд ату спортын танымал ету, спортшылардың спорттық шеберлігін шыңдау мен спортшылардың рейтингін анықтау, оларды алдағы республикалық және халықаралық жарыстарға дайындау болып табылады.
Бұл жарыста 17-ші Азия ойындарының чемпиондары мен жулдегерлері Давыдова Анастасия, Дмитриенко Мария, Середа Оксана және Могилевский Андрей өз шеберліктерін көрсететін болады.
Кубоктың салтанатты ашылу рәсімі 4 наурыз сағат 12-30-да Шымкент қаласы бұрынғы Комсомол көлі маңындағы «Эльдорадо» спорттық кешенінде өтеді.
Жарысты ұйымдастырушылар ОҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі комитетінің «Атыс спорты түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК, Облыстық ату және ұқсас спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі, «Спорттық ату түрлерінен Қазақстан Федерациясы» ҚБ.