Домой Жаңалықтар Қоғам Әр өңірдің қымыраны әр түрлі…

Әр өңірдің қымыраны әр түрлі…

Әр өңірдің қымыраны әр түрлі…

Әр өңірдің қымыраны әр түрлі…Қымыранның сусын екенін бар қазақ жақсы біледі. Бірақ, бір қызығы, осы “қымыран” сөзі талай сусынға атау болыпты. Атамның айтуынша, Қорғалжын төңірегінде ертеректе “қымыран” деп түйе сүтінің сауып алынғаннан кейін бірталай уақыт тұрыңқырап қалғанын айтады екен. Түйе сүтінен ашытылып жасалған сусын да қымыран аталыпты.

Көкшетау өңірінде “қымыран” – су қосылған қымыз.

Шу бойында су қосылған сиыр сүтін “қымыран” дейді.
Маңғыстау жерінде “қымыран” – жылы суды сиыр сүтіне араластырып оған қымыз қосылған сусын.

Кезінде жазушы Сәбит Мұқанов: “Түйенің сүтінен ашытатын қышқылтым ішімдікті Түркістан жағында “қымыран” деп атайды” деп жазыпты.

Ал, осы қымыранға баспасөзде берілген анықтама – дән жармасынан ашытылып жасалған көже (ашыған көже). Ол көбіне бидайдан ашытылып жасалады. Бабына келтіріп дайындалған қымыран адамның ыстығын басып, сусынын қандырады делінген.

Негізінде, түркі тілдес халықтардың бірқатарында “қымыран” сөзі осы мағынада қолданылады.

Дайындаған Төлеген Жәкітайұлы

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here