«Бэтмен Суперменге қарсы: «Әділдік таңсәрісінде» фильмінің кассалық жиынтығы бүкіл әлемдегі прокатының бес күні ішінде жалпы көлемі 424 млн. доллар қаржы жинады, деп хабарлады Би-би-си.
Сыншылардың ащы пікірлеріне қарамастан, фильм АҚШ-та 170,1 млн. доллар, Британияда — 15,5 млн. доллар жинады, екеуінде де бұл наурыз айындағы рекордтық көрсеткіш болды.
Бұл картина әлемнің әртүрлі кинотеатрларының 40 мың экранына, соның ішінде АҚШ-та 4,2 мың, Британияда 1,7 мың және Қытайда — 16 мың экранда көрсетілгенін атап өткен жөн.
Зак Снайдердің фильмі алғаш рет бір фильмде бастары қосылған екі суперкейіпкер комиксіне негізделген.
Картинаны түсірген Warner Bros компаниясының өкілі Джефф Голдстейн киносыншылардың тас-талқан еткен мақалаларына қарамастан көрермендер фильмге деген өзінің көзқарасын білдіріп, «доллармен дауыс берді», деп мәлімдеді.