18-22 сәуірде Астанада «Азия» бизнес орталығында (Әуезов к-сі, 8) жастарға арналған жұмысқа орналастыру бойынша тегін тренинг өткізіледі, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Оған 18-29 жастағы кез келген қала тұрғыны қатыса алады. Жастарды жұмысқа орналастыру жөніндегі семинарлар барысында ең бірінші саты – жұмыс іздеуден бастап, мансаптық баспалдақпен көтерілу ережелерімен және жолдарымен таныстырады. Жобаның негізгі міндеттері – жастардың ұйымдастырушылық, шығармашылық және басқа да қабілеттіліктерін дамыту, сондай-ақ, басқару дағдыларын, өз позициясын құру және оны қорғау шеберлігін үйрету.
«Жастардың кәсіби және жеке дағдыларын дамыту мектебі» тренингін ұйымдастырушы – Астана қаласы әкімдігінің «Астана Жастары» жастар ресурстық орталығы.
Айта кетейік, бір жылда 300 адамды қамту жоспарланып отыр. Тренингтер сағат 18:00-21:00 өтеді. Барлық қатысушыларға тренинг аяқталған соң сертификаттар беріледі.
Анықтама телефондары: +7 707 879 82 65, +7775 143 64 67.