Кеше «Аstanabike» автоматтандырылған велосипедтерді жалға алу жүйесі өз жұмысын бастады. Енді қала тұрғындары мен қонақтары экологиялық көлік түрімен жүре алатын болады.
Өткен жылы Астана қаласы бойынша велобекеттер саны 150-ге дейін, ал велосипедтер саны 1000-ға дейін ұлғайтылған болатын. Арасы 300-500 метрден аспайтын қашықтықта орналасқан бекеттерді мейлінше ыңғайлы орналастыру нұсқасы жасалды.
Биыл бекеттердің орналасуы мен толықтырылуын қадағалауға болатын Android пен IOS базаларындағы мобильді қосымшалар мен интернет арқылы онлайн төлеу жүйелері іске қосылып, пайдаланушылар үшін қол жетімді, әрі икемді тарифтер ұсынылады. Сондай-ақ карточкаларды «Мега Астана» ОСО орналасқан сату бөлімінде рәсімдеп, толықтыруға болады. Карточканың құны — 6500 теңге.
Айта кетейік, өткен жылғы веломаусымда жоба пайдаланушыларының саны 1800-ден асқан.