www.jas.kz сайты жариялаған «Біз ғашық жандармыз» атты байқау қорытындысы белгілі болды. 15 сәуір «Ғашықтар күніне арналған бұл байқауда фейсбук, инстаграм, вконтакте әлеуметтік желілерінен бірнеше жазба жарияланған болатын.
Келіп түскен жазбаларды сараптай келе, әлеуметтік желі белсенділері — Ая Өміртай мен Нұрбол Ханағатқа «Өмір арт студио» шеберханасы осы акцияға арнап тіккен ұлттық нақыштағы сүлгі мен Жайдарман ойындарының ширек финалдық сайысына билет табыс етілді. Байқауға қатысып, өз махаббат хикаяларыңызды әдемілеп жеткізе білген барша оқырмандарға алғыс білдіреміз!
Төменде байқауға қатысқан жазбалардың үздіктерін назарларыңызға ұсынамыз!