23 сәуірде елордамызда жалпықалалық сенбіліктен басқа ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Жер күніне орай ағаштар отырғызылады. Арнайы дайындалған гүлзарларға Сиверс алмасы, емен, қызыл шетен, ақ қайың, сібір шыршасы, ақ тал, пирамидалы терек, қызылтал, сондай-ақ, бальзам иісті терек ағаштарының 1000 астам көшеті отырғызылады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
– Дала өсімдіктері көп өсетін біздің далаларда ағаш аз. Сондықтан жастарды бүкіл жерге ағаш отырғызуға шақырамыз. Ағашты неғұрлым көп отырғызсақ, ауа соғұрлым таза болады, – дейді «Тұрақты даму» Жер қорының биологы Валентина Ободовская.
Қазақстанда Ұлттық орман отырғызу күні алғаш рет 2014 жылы 19 сәуірде өткізілді. Биылғы акция «Барыс-Арена» мұз айдыны жанында өтеді.
Айта кетейік, қаланы абаттандыру және ағаш отырғызу жұмыстары Астананың үш ауданында жүргізіледі. Елорда әкімдігінің хабарлауынша, бұл күні Астанада 16 мыңнан астам ағаш егіледі.
Орынбор көшесінде және «Арай» паркінде, Ақыртас, Ғабдуллин, Уәлиханов көшелерінде, Тілендиев даңғылында және т.б. жаппай ағаш отырғызылады. Көгалдандыру объектілерінде тиісті орындар дайындалып, көшеттер қойылды, инерттік материал (құнарлы жер, топырақ, қара топырақ) қажетті мөлшерде әкелінді.