Биылғы оқу жылынан бастап мұғалімдер қағаз толы құжаттан арылып, есеп тапсырмайтын болады. Бұл туралы бүгін Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде өткен кездесуінде білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтып өтті.
Кездесу барысында баяндама жасаған министрге мұғалімдер сұрақ қойып, үздіксіз тексеріс пен есеп беруден шаршағандықтарын айтқан болатын.
«Мектептерде тексеріс пен қағаз толы құжаттың көп екені белгілі. Мұнымен біздің министрліктің департаменттері айналысатын болады. Жаңа оқу жылынан бастап біз бұдан арылтатын боламыз. Оған сеніңіздер», — деді министр.
Естеріңізге сала кетейік, Білім және ғылым министрі ЕҰУ-де білім берудің жаңа бағыттарына алаңдаған жұртшылықпен кездесіп, есеп берді.