Домой Жаңалықтар Еуропада тегін білім алуға бола ма?

Еуропада тегін білім алуға бола ма?

0
Еуропада тегін білім алуға бола ма?

Еуропада тегін білім алуға бола ма?Көптеген адамдар үшін Еуропада білім алу қол жетпес арман. Дей тұра, ізденген жанға еуропалық дипломға қол жеткізетін бірнеше әдіс бар. Осы тақырып төңірегіндегі тізімімізді  басқа елден келген студенттерге тегін білім беретін елдерден бастайық.

Чехия

Чехияда шетелден келген азаматтарға мемлекеттік ЖОО-да тегін білім алуға барлық мүмкіндік жасалынған. Тек міндетті түрде чех тілін білуіңіз керек, өйткені сіз жоғары білімді сол тілде аласыз. Білім алу барысында жатын орныңыздың шығыны өз қалтаңыздан төленеді.

Польша

Польша — шетелдіктер үшін шекарадан асып, білім алуға тағы бір мүмкіндік. Оқуға түсу қиын емес, ағылшын тіліндегі бағдарламалар жеткілікті. Бұл елде университетке құжат тапсыру үшін аттестат немесе бакалавр дипломын көрсетсеңіз болды.

Германия

Германия да шетелдіктерге тегін білім алу мүмкіндігін беруден қалыс қалмады. Оқуға түсу үшін неміс тілінен емтихан тапсыру — міндетті талап. Тіркелген мәліметтер бойынша кітапхана, спортзал сияқты қажеттіліктер ақылы. Сондықтан қалтаңыз бен банктегі шотыңызды толтырып барыңыз. Оқу уақытында құжаттағы бағаға сәйкес жалға үй беріледі. Қысқасы, білім іздеген жанға бұл шарттар түк емес.

Бельгия, Норвегия

Бұл елдерде де ағылшын тілінде тегін білім алуға бағытталған біраз бағдарламалар бар. Кейбір оқу орындарында кітаптар үшін алдын ала төлем жасауыңыз мүмкін. Норвегияда оқу үшін олардың тілін білуіңіз керек.

Греция

Грецияның мемлекеттік жоғары оқу орындарында шетелдік азаматтар еркін келіп, оқи берсе әбден болады. Әрине, аттестаттағы орташа балыңызбен. Кейбір оқу орындарында 600 еуроға дейін жылдық төлем болады. Грек тілін білмесеңіз, курстарға барып оқып алуыңыз керек. Оған қоса, Грециядағы оқу сізге аптасына 20 сағат жұмыс жасауға мүмкіндік береді.

Франция

Заң бойынша шетелдіктер мемлекеттік ЖОО -да тегін оқуға құқылы. Ол жергілікті студенттермен бірдей құқыққа ие, сондықтан керек жерінде төлемдерді де төлеп тұрады. Француз тілін білу – шарттардың бірі. Францияда білім алу тегін, бірақ жүріп-тұруыңыз өте қымбат. Сондықтан болар, көптеген студенттер оқудан бос уақытында жұмыс істеп жүреді.

Маңызды

Оқуға түсетін шет мемлекетті таңдағанда, күнделікті жүріп-тұруңызға жұмсалатын қаражаттың көлемін есептей білген де өте маңызды. Білім алуыңыз тегін болғанымен, баспана мен тамағыңызды университет қамтамасыз етпейді.  Бұндай жағдайда сізге стипендиялық бағдарламалар қажет.

Стипендияны қалай табуға болады?

Стипендия алып тұру үшін әртүрлі коммерциялық емес ұйымдардың жобаларын, гранттарды, түрлі бағдарламаларды қарастырған жөн.

Erasmus Mundus –  студенттердің алмасып оқитын еуропалық бағдарламаларының ішіндегі ірісі. Ол толықтай магистратураның шығындары мен жүріп-тұруды қамтамасыз етеді. Бірақ бағдарламаның бір ерекшелігі бар: сіз нақты бір университетті таңдай алмайсыз. Бағдарлама аясында оннан аса университет қамтылған. Сізге соның екеуіне ғана таңдау жасау ұсынылатын болады.

Chevening гранты немесе Commonwealth Scholarship for Developing Countries – Ұлыбританияда білім алу.  Бұл гранттар толықтай оқу ақысын, жататын орынды, бару-келу билеттеріңізді қамтамасыз етеді.

Еуропада тегін білім алу – қол жетпес қиял емес. Сіз тек ЖОО таңдап, ақпарат іздестіріп, оқуға түсудің жолын қарастыра бергеніңіз жөн. Айтпақшы, тіл туралы да ұмытып кетпеңіз. Дайындық 1 жылға жуық уақытты алуы әбден мүмкін. Бірақ нәтиже үмітті ақтайды.

Автор: Бағила Ағайдар

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here