Ағымдағы жылы қазан айында елордада «25 игі іс» шарасы аясында республикалық әкелер слеті ұйымдастырылады, деп хабарлайды Астана қаласының әкімдігі.
Оқушылар сарайында өтетін шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды. Іс-шараның негізгі мақсаты — отбасылық қарым-қатынас пен рухани адамгершілік дәстүрлерді қалыптастырудағы әкенің рөлін жоғарылату. Осыған орай, №3 балаларға арналған музыкалық мектепте, №2 өнер мектебінде және Астана қаласы техникалық шығармашылық орталығында «Менің дарынды әкем» байқауы, «Мен және менің әкем» видеороликтер байқауы, «Арманымдағы үй» макеттер байқауы өтті. Сәуірдің 9-ы күні мектепішілік әкелер слеті ұйымдастырылды. Оған 5000 бала мен әке қатысты. 29 сәуірде №78 мектебінде «Аталар мұрасы — халық қазынасы» қалалық әкелер слетінің аудандық кезеңі, №15 мектепте «Сарыарқа» ауданындағы әкелер жиыны өтті. Сондай-ақ №16 мектепте «Алматы» ауданындағы слетке қатысқан әкелер балаларын жалғыз асырап отырған әкелерді қолдау бойынша қайырымдылық шарасы ұйымдастырылады.
14 мамырда №59 мектеп-лицейінде әкелердің қалалық слеті өтеді. Ал қазан айында республикалық әкелер слеті ұйымдастырылады.