18 мамыр күнгі сағат 18.00-ден 19 мамырдағы сағат 02.00-ге дейін Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде жыл сайынғы «Музей түні» көркемдік-мерекелік акциясы өтеді.
Тарихқа «Музейлердің ұзақ түні» деген атпен енген «Музей түні» алғаш рет 1997 жылы Берлин қаласында өтті. Мереке идеясы әлдеқайда бұрынырақ, 1970-жылдары Еуропада музейге келушілерге дәстүрлі түрде тегін аралып шығуға есік ашатын. Ол кезде ол акция «Музей көктемі» деп аталып, мамыр айында өткізілетін. Ал 2001 жылдан бастап Парижде «Халықаралық музей күні» 18 мамырда өткізіліп келеді, бұл күні көрмеге еркін кіру үшін көрмелер ашық болады. Кейіннен акцияларға тақырып бере бастады. Мереке Еуропаның басты астаналарында шапшаң өріс алды. Жыл сайын өтетін акция 2005 жылы қазіргі атауына ие болды: француздар «Музей түні» музейлік-көркемдік акциясын Халықаралық «Музей түні» деп атауға ұсыныс жасады, сол жылы Еуропалық Кеңес осы идеяны бекітті. Акцияны қолдаушы Халықаралық музейлер кеңесінің (ICOM) және Еуропалық Кеңестің қадағалауымен өткізіледі.
Бүкіл әлемдегі «Музей түнінің» негізгі ұраны – көрермендер үшін ашықтық және қол жетімділік. Соған сәйкес «Қастеев музейіндегі түн» мерекелік көркем-мәдени акциясының негізгі мақсаты да – өнерді дәріптеп, танымал ету, жастардың назарын аудару, ұмытылмас мереке ұйымдастыру. Негізгі шаралардан басқа шеберлік сабақтары, театр қойылымдары, концерт-перформанстар, маскарадтар, от шашу думаны және тағы басқа да думанды бағдарламалар ұйымдастыру жоспарланды. «Музей түнінің» биылғы жылғы тақырыбы «арт-мистерия» болмақ.
Негізгі шарт – маска. Өзінің маскасымен де келуге болады, сондай-ақ музейден дайын маска сатып алуға немесе шара аясында өтетін шеберлік сабақтарында өз қолымен жасап алуға да болады.