Еліміздің түкпір-түкпіріндегі жас орындаушылар тағы да «Жас қанат — 2016» республикалық байқауында бас қосады. Биыл 25 жылға толатын фестиваль ерекше ұйымдастырылмақ, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Бейбітшілік және келісім сарайында өтетін байқауға санаулы күндер қалды. 16-22 мамырда еліміздің үздік жас орындаушылары өзара бәсекеге түседі. Қазіргі кезде байқауға қатысушылар дайындық үстінде. Іріктеу кезеңі аяқталды. Ең жас қатысушы 15-те, ал ең үлкені 28 жаста. Байқауға Ақтөбе, Орал, Семей, Өскемен, Алматы, Талдықорған, Шымкент, Жезқазған және Қарағанды қалаларының өкілдері қатысады. Сондай-ақ, үш орындаушы елордамыздың намысын қорғайтын болады.
25 жылдың ішінде түрлі қалалардың өкілдері фестиваль жеңімпазы атанып келді. Өткен жылы бас жүлде «Жас қанат» көкшетаулық Ринат Теміржанға бұйырған болатын.