Елордамыз Астанада «Достық — бірлік нышаны» фестивалі өтуде. Іс-шараны «Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» тапсырысымен «Рухани қоғам әлемі» қоғамдық қоры ұйымдастырып отыр.
130-дан астам ұлт бірлікте тұратын Қазақстанның төзімділік моделін жоғары бағалайды. Бейбітшілікте, тұрақтылықта өмір сүріп отырған ондаған конфессиялар мен ұлт өкілдері осының куәсі деп білеміз. Сыртқы қатерлерден, дағдарыстардан қазақ жерінде достық пен бейбітшілікті сақтау өте маңызды.
Ұрпақ тәрбиесі – өте күрделі іс. «Достық – бірлік нышаны» мерекесі жастардың қоғамда қалыптасуына, ұлтжандылыққа тәрбиелейді.
Бүгінгі мерекеге этномәдени орталықтың өнерпаз жастары, мектеп оқушылары, студент жастары қатысып отыр. Концертте әр түрлі ұлттық билер биленіп, тамаша әндері шырқалды. Іс-шараның соныңда қатысушыларға «Рухани қоғам әлемі» қоғамдық қорының төрайымы Қойшиева Л., этномәдени орталықтың өкілі Шабқат И.А, сондай-ақ мемлекеттік мекеменің міндетінің атқарушысы Е. Рысбаевтан арнайы құттықтау мүсіні мен грамоталар табыс етілді.
Мерекелік іс-шараның негізгі міндеті — жастарды төзімділікке, бірлікке, өзге ұлт өкілдеріне және конфессияларға құрметпен қарауға бейбіт келісіммен өмір сүруге үгіттейді.