Көбі футболды ерлерге арналған спорт түрі деп санайды. Алайда биыл құрылған «Астана» әйелдер командасының пікірі басқаша. Нәзік жандылар арасындағы матчтар да тартысты өтеді, ал аяқдоп шеберлері кішкентайынан жаттығады.
Қыздар №8 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде оқытылады, ең кішкентай футболшылар сегіз-ақ жаста.
Елордада жоғары лигада өнер көрсететін кәсіптік әйелдер клубын құру ұзаққа созылды. Команда құрамы биыл қаңтар айында бекітілді. Командаға мектептің үздік шәкірттері енді. Олар күн сайын «Астана Арена» стадионында жаттығады.
Футболшылар тәжірибелі бапкерлердің жетекшілігімен шеберліктерін шыңдайды, дене шынықтыру машықтарын дамытады. Ел біріншілігінің бірінші туры аясында ертең олар Қазақстанның бес дүркін чемпионы — Шымкенттің «БИІК-Қазығұрт» ӘФК алаңға шығады.
Команда сапында әр жастағы спортшылар бар. Ең кішісі – Ұлпан Пазыл – 21 жаста. Ол футболды ұнататынын айтып, елордалық команда құрамына енгенін мақтан ететінін жеткізді.
«Астана» әйелдер командасының көшбасшысы — Мария Ялова.
«Астана» әйелдер футбол командасы Қазақстан кубогының финалисті болып табылады, ертең сағат 12.00 команда шымкенттік футболшылармен кездеседі.