Жетісу – «жеті өзен елі» атымен белгілі, еліміздің ең бай және көрікті аумақтарының бірі. Алматы-Талдықорған тасжолының Арқарлы асуы мен Жоламан жазығында мыңдаған гектар алқапта қызғалдақ жайқалып тұр. Жетісу қызыл гүлге оранды.
Жолаушылар көздің жауын алатын тамаша көріністі көру үшін тоқтап, суретке түсіп, қызықтауда. Ел ішінде «Жоламанның қызғалдағы көп гүлдесе, бидай бітік шығады» деген сенім бар.
Неше елді аттандырған құтты қоныс,
Әлі тұр әсемдігі таусылмай.
Суретін сөз баяндап жеткізе алмас,
Жерінің Жетісудың бәрі сондай! (І. Жансүгіров)