Бүгін Талдықорған қаласында «Жұлдыздар тоғысқанда» фильмінің тұсаукесер көрсетілімі болды, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Бұл туынды Қазақстан Республикасы Президентінің өмірі мен қызметіне арналған «Елбасы жолы» киноэпопеясының жалғасы болып табылады. Бұл бесінші фильмнің режиссері әрі сценариін жазған ресейлік маман Сергей Снежкин. Басты рөлді танымал актер Берік Айтжанов сомдады.
Фильм көрсетілімінің алдында Алматы облысы әкімінің орынбасары Бақтияр Өнербаев облысқа аталмыш фильмнің премьералық көрсетіліміне арнайы келген фильмнің актерлері Алдабек Шалбаев пен Ғани Құлжановты құттықтай келе, шығармашылық еңбектеріне табыс тілеп, естелік сыйлықтар табыстады.