Домой Жаңалықтар Мәдениет Түлкібаста «Таупістелі тағылымы» басқосуы өтті

Түлкібаста «Таупістелі тағылымы» басқосуы өтті

0
Түлкібаста «Таупістелі тағылымы» басқосуы өтті

taupisteli
Кеше Түлкібас ауданының Пістелі ауылында «Таупістелі тағылымы» басқосу жиыны өтті. Шараны аудандық «Мархабат –Мирас» қоғамдық қоры ұйымдастырды.

Түркі тілдес халықтардың әдебиетін дамыту, жас қаламгерлерге қолдау көрсету мақсатында алғаш рет ұйымдастырылған жиынға Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан елдері мен Алматы, Астана және ОҚО аумағынан қаламгерлер мен ғалымдар, көрнекті қоғам қайраткерлері қатысты.

Шара барысында Пістелі ауылындағы Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылып, қоғам қайраткері Т.Рысқұловтың «Түркі тілдес, түгел бол» қағидасы бойынша түрлі тақырыптарда талқылаулар болды. Сонымен қатар, жас таланттардың шығармашылығы талданып, жаңа кітаптардың тұсаукесерінің таныстырылымы өтті.

Айта өтейік, 2012 жылы құрылған «Мархабат –Мирас» қоғамдық қоры жергілікті әкімдікпен бірлесіп, жас ұрпақты отансүйгіштікке, көркем әдебиетке, «Мәңгілік ел» мұраттарына адалдыққа тәрбиелеуді көздейді. Сонымен қатар, қаламгерлерді қолдауда аудан көлемінде түрлі іс-шаралар өткізіп келеді.
Бұған дейін аталған қор «Шырайлым-Шұбарқызылым» жобасын сәтті өткізіп келген болатын.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here