Алдаспан ақын Олжас Сүлейменовтің 80 жылдығына орай Талдықорғандағы «Жастар» Спорт сарайында волейболдан ардагер ерлер командалары арасында X Халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Турнирдің ашылу салтанатында сөз сөйлеген Алматы облысының әкімі Амандық Баталов ақынды жақында ғана Елбасының қолынан «Еңбек Ері» атағын алуымен құттықтады.
— Қазақ руханияты үшін өлшеусіз үлес қосып, қазақтың даңқын жарты әлемге танытқан қазақтың Олжасы – Сіздің мерейтойыңыздың Жетісу жерінде дүркіреп өтуі – біз үшін үлкен мәртебе. Біз мұны мақтан тұтамыз, — деді облыс басшысы А. Баталов.
Мұнан соң Қазақ аграрлық университетінің ректоры Тілектес Есполов сөз алып, мерейтой иесіне ізгі тілегін жеткізді.
Турнирге Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінен және республикамыздың облыстарынан бірнеше команда қатысуда.