Домой Жаңалықтар Қоғам Астана экономикалық форумы өз жұмысын бастады

Астана экономикалық форумы өз жұмысын бастады

Астана экономикалық форумы өз жұмысын бастады

Астана экономикалық форумы өз жұмысын бастадыБүгін Тәуелсіздік сарайында ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов жыл сайынғы Астана экономикалық форумын ашты. Биылғы форум «Жаңа экономикалық шынайылық: әртараптандыру, инновациялар және білім экономикасы» тақырыбына арналған.

Астана экономикалық форумы 2008 жылдан бері өткізіліп келеді. Бүкіл әлем сарапшылары, көшбасшылары, ғалымдар мен көрнекі саяси қайраткерлері, бизнес сектордың өкілдері жаһандық проблемаларды талқылау үшін жыл сайын бір диалогтық алаңға жиналады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Форумның ашылуы барысында ҚР Премьер-министрі аталған шараның Ұлы Жібек жолы елдері мен ҚР Президентінің «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатының маңыздылығын атап өтіп, барлық қатысушыларға табыс тіледі.

– Ежелгі Жібек жолы бірегей көпір болған. Жібек жолы озық тәжірибе алмасуға ынталандырып, Еуразияда бейбітшілікті нығайтуға және диалог орнатуға септігін тигізген. Соңғы он жылдықтарда Азия мен Еуропа арасында өзара іс-әрекеттің қажет екендігін көріп отырмыз. Бұл жоба инвестициялық және іскерлік ынтымақтастық алаңына айналады деп ойлаймын, – деді Кәрім Мәсімов.

АЭФ-тың басты мақсаты халықаралық бейтарап алаң қалыптастырып, әлемдік сарапшылар-экономисттер Орталық Азия аймағының, сондай-ақ, жаһандық экономиканың өзгеруі жағдайында әлемдік кеңістіктегі экономикалық даму мәселелерін талқылау болып табылады.

Астана экономикалық форумының бірінші күні аясында өткізілетін басты шаралар: «Гипержаhандану дәуірінің аяқталуы: экономикалық және қаржы сәулеті үшін жаңа жағдайлар», «Ұлы Жібек жолы елдерінің форумы: энергия, ресурстар және тұрақты даму»,«БҰҰ ДБ 50 жылдығы: орнықты даму мақсаттарына жетуді жеделдету үшін жаңа мүмкіндіктерді зерттеу».

Сонымен қатар бүгін өтетін маңызды сессиялардың бірі «Қазақстан инвестициялық саммиті», оған Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов пен ҚР инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев қатысты.

Жыл сайын форумға экономикалық және саяси даму саласындағы әлемнің  жетекші сарапшылары жиналады. Биыл сессия жұмысына қазақстандық сарапшылардан басқа, Польшаның бұрынғы президенті Александр Квасьневский, Ресей Сбербанкінің төрағасы Герман Греф, AliBaba Group компаниясының негізін қалаушы және директорлар кеңесінің төрағасы Джек Ма, JPMorgan Chase International корпорациясының төрағасы Джэйкоб Френкель, ХВҚ директоры-басқарушысы Кристин Лагард, ДСҰ бас директоры Роберту Азеведу, ЕҚДБ президенті Сума Чакрабарти форум спикері болады.

АЭФ-2016 екі күнге жалғасады. Бірқатар сессиялар қаржы және банк секторларының даму перспективаларына, монетарлық саясатқа және капиталды бақылау режиміне оралу мүмкіндігіне, сондай-ақ, тұрақты даму мен экологиялық үндеулер мәселелеріне арналады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here