Домой Жаңалықтар Қоғам Астананың халықаралық рейтингі Еуропаның ірі қалаларымен теңесті

Астананың халықаралық рейтингі Еуропаның ірі қалаларымен теңесті

Астананың халықаралық рейтингі Еуропаның ірі қалаларымен теңесті

Астананың халықаралық рейтингі Еуропаның ірі қалаларымен теңестіӨткен жылы қаланың экономикасына тартылған инвестициялардың жыл сайынғы өсімі 397 миллиард теңгеден 773 миллиард теңгеге дейін 1,5 есеге артты, бұл Астананың халықаралық рейтингін Baа3 деңгейіне дейін көтеруге және Барселона, Стамбул және әлемнің басқа да ірі қалаларымен теңесуге мүмкіндік берді. Бұл туралы бүгін қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында Астана қаласы әкімінің орынбасары Андрей Лукин мәлім етті, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

— Біз 2012 жылдан бері Moody’s агенттігімен белсенді жұмыс істеп келеміз. Үстіміздегі жылы елорда республикалықпен бір деңгейде тұрған инвесторлар үшін тартымды рейтингтің Baа3 деңгейін растады. Мысалы, Барселона, Стамбул, Мадрид және басқа да қалаларға да рейтингтің осы деңгейі берiлген, — деді баяндамашы.

А. Лукиннің хабарлауынша, қаланы дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру Астанаға Қазақстанның барлық өңірлерінің ішінде әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша алдыңғы қатардан орын алуға мүмкіндік берді.

— Бағдарлама жүзеге асырылған бес жылдың ішінде жалпы өңірлік өнім көлемінің нақты көрсеткіші 2010 жылғы 1 трлн 800 миллиард теңгеден 2015 жылы 4 трлн 600 млрд теңгеге дейін 1,6 есеге ұлғайды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша елордада экономикалық өсімнің оң үрдісі байқалады — 106,3 пайыз. Бұл ретте Астананың республиканың ЖІӨ-нің жалпы көлеміндегі үлесі сәйкесінше, 8 пайыздан 11 пайызға дейін өсті. Өнеркәсіптік өндіріс көлемдерінің нақты көрсеткіші 2010 жылмен салыстырғанда 111 миллиард теңгеден 348 миллиард теңгеге дейін 1,4 есеге артты, — деді әкімнің орынбасары.

Сонымен қатар, қала басшысының орынбасары қаланың туристер үшін де аса тартымды екендігін атап өтті. Бес жылдың ішінде Астанаға 3 млн-нан астам қонақ келсе, оның 650 мыңы шетелдіктер болып табылады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here