7 қыркүйек, 2015. Астана. Өткен демалыс күндері Таиландта Қазақстан жалпыкомандалық есепте бірінші орынға иеленген бокстан Азия Чемпионатында аяқталды. Спортшыларымыздың қоржынына 5 алтын, бір күміс және бір қола жүлде түсті.
Аталмыш чемпионат шиеленісті және жоғары бәсеке жағдайымен ерекшеленді. Ширек финалдардан бастап Қазақстан және Өзбекстан құрамалары топ жарып, бір-бірімен соңғы арпалысқа дейін жүлделер саны бойынша бәсекелесті. Алайда отандастарымыз ел намысын абыроймен қорғап, жарыстың көшбасшылары атағын иемденді.
Олжас Саттыбаев, Данияр Елеусінов, Әділбек Ниязымбетов, Василий Левит, Иван Дычко (барлығы – алтын), Зәкір Сафиуллин (күміс) және Қайрат Ералиев (қола жүлде) қарсыластарынан басым түсіп, қоржынымызға түрлі деңгейдегі медаль салды.
Дегенмен Азия біріншілігі құрамамыз үшін жеңілістерсіз өткен жоқ. Ширек финалда еліміздің алдыңғы қатарлы спортшыларымыздың бірі Жәнібек Әлімханұлы жас өзбек спортшысы Бектемір Меликузиевтен жеңіліп қалды.
Енді Қазақстан құрама командасы Дохада (Катар) 5 қазанда ашылатын бокстан Әлем чемпионатына қызу дайындыққа кірісетін болады.