2015 жылы 3 қыркүйекте Стокгольм қаласында Қазақстанның Швециядағы Елшілігі Қазақстан Республикасы Үкіметі мен МАГАТЭ арасында Қазақстанда Төмен байытылған уран банкін (ТБУБ) Өскемен қаласында орналасқан Үлбі металлургиялық зауытында құру туралы келісімге қол қою рәсіміне байланысты брифинг өткізкізді.
Шараға Швеция СІМ, сарапшылар тобы, БАҚ және дипломаттар корпусының өкілдері қатысты. Сонымен қатар, МАГАТЭ-нің бұрынғы Бас директоры Ханс Бликс, Ирак жөнінде БҰҰ-ның арнайы комиссиясының (UNSCOM) төрағасы болған және Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның кіші-гірім ұлттардың істері бойынша Жоғарғы комиссары Рольф Экеус брифинг құрметті қонақтары қатарында болды.
Сөзінің басында ҚР-дың Швециядағы Елшілісі Дастан Елеукенов жақында Қазақстан Республикасы Конституциясының 20-жылдығын аталып өткеніне және елдің тұрақты дамуына негіз салатын басты заңның рөліне тоқталып кетті.
Елші Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ТБУБ МАГАТЭ құру бастамасы Қазақстанның ядролық қаруды таратпау режимін нығайтуда және атом энергиясын тек бейбіт көзінде пайдаланудағы жаңа үлесі екенін хабарлады. ТБУБ құру туралы келісімге қол қою күні 29 тамыз – Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күніне және Президент Н. Назарбаевтың жарлығымен Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күніне келіп түскені символ мәнді келеді. Осыған орай, Ядролық қаруды сынауға жалпылай тыйым салу келісімінің тез арада күшіне ену үшін дүниежүзілік қоғамның ел басшыларына үндеуге қол қоюға шақыратын АТОМ жобасы тыңдаушылардың назарына ұсынылды.
Елбасының, ядролық қарудан бос әлемге жетуге бағытталған осы және басқа да бастамаларын атап өтіп, Елші Қазақстанның 2017-2018 жж. БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақсыз мүшесі ретінде тағайындалған жағдайда ядролық қаруды таратпау және қарусыздандыру сұрақтары бастапқы болатынына ерекше көңіл аударды.
Сонымен қатар, брифингте МАГАТЭ-де басқару жұмыстарында үлкен тәжірибесі бар Стокгольм бейбітшілік мәселелерін зерттеу институтының (SIPRI) Қарусыздандыру, қарулануды және таратпауды бақылау бойынша Директоры Тарик Рауф сөз сөйледі. Ол Қазақстанда ТБУБ МАГАТЭ құрылу тарихы жөнінде, сондай-ақ жобаның саяси, халықаралық-құқықтық және техникалық аспектілері туралы толық айтып берді. Т. Рауф ТБУБ құру туралы келісімге қол қою ядролық қаруды таратпауда өте маңызды қадам екенін және бұл салада Қазақстанның жетекші рөлін ерекше атап өтті.
Жақын арада Қазақстанға сапар шеккен швед «Cawa Media» ақпарат агенттігінің журналисі Питер Юхансон алған әсерлерімен бөлісіп, ТБУБ құру туралы келісімге қол қою шарасы кезінен және Өскемен қаласында орналасқан ТБУБ-ды шолу барысында түсірген суреттерін көрсетті.