Домой Жаңалықтар Қоғам Алматы облысының әкімі Амандық Баталов бір топ өнер және қоғам қайраткерлерін Алматыдағы өкілдігінде қабылдады

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов бір топ өнер және қоғам қайраткерлерін Алматыдағы өкілдігінде қабылдады

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов бір топ өнер және қоғам қайраткерлерін Алматыдағы өкілдігінде қабылдады

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов бір топ өнер және қоғам қайраткерлерін Алматыдағы өкілдігінде қабылдадыАлматы облысының әкімі Амандық Баталов бір топ өнер және қоғам қайраткерлерін Алматыдағы өкілдігінде қабылдады. Елге танымал, жасы үлкен тұлғаларды облыс орталығына әурелегім келмеді деген әкім олардың талап-тілектері мен ұсыныстарын, жеке өтініштерін тыңдады. Көмек сұрай келген ел ағаларының өтініштерін Амандық Ғаббасұлы кездесу барысында бірден шешуге тырысты.

Облыс әкімі алғаш болып белгілі ақын Марфуға Айтқожинаны қабылдады. 80 жасқа толған ақынның парасатты ойлары мен ұсыныстарын тыңдаған әкім автордың шығармалар жинағын сыйға алды. Дәл осындай рухани келелі әңгіме Халық әртістері Сәбит Оразбаевпен, Нұрғали Нүсіпжановпен жалғасты. Ал келер жылы 75 жылдығын тойлайтын Мұхтар Шаханов баспаға әзір тұрған жаңа туындысымен таныстырды.

МҰХТАР ШАХАНОВ, Ақын:

— Осыны бір шығарып берсеңіз, осыған жәрдем берсеңіз. Мынаның ішінде саяси не жоқ, ешкімге тиіспейміз. Таза менің өлеңдерім, әндерім. Содан кейін трактат, «Өз ана тілінде сөйлемеу мен ойламаудың залалы».

Ақынның сөзін құп алған әкім жақын арада жаңа кітапты 10 мың данамен шығарып беруге уәде берді. Одан өзге облыс орталығына қонаққа шақырып, шығармашылық кеш өткізу жайын да ұсынды. Алматы облысындағы оң өзгерістер мен жаңа бастамалар да әңгімеге арқау болды.

АМАНДЫҚ БАТАЛОВ, Алматы облысының әкімі:

— Жол алыс, 260 километр. Тағы жолда құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Сол үшін оларды қинамай осы жерге келіп, еліміздің танымал адамдарын осы жерде қабылдап, ұсыныстарын тыңдап, қолымыздан келген көмекті көрсетейін деп келіп отырмыз.

Халықтың рухани және мәдени өміріне үлес қосып жүрген қайраткерлермен кездесуге қашан да әзірмін деген облыс әкімі ел ағаларының ақыл-кеңесі мен нұсқауларын бағалайтынын жеткізді. Кездесуге келген танымал тұлғалар да дән риза болып қайтты.

31.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here