2016 жылғы 13 – 17 маусымда «Болашақ» Қауымдастығы “Bolashak Life” республикалық акциясын өткізеді.
Емдеу мекемелері қанның құрамдас бөліктері мен өнімдеріне көп мөлшерде күн сайын мұқтаж. Донорлық мәселесіне қоғамның назарын аудару мақсатында «Bolashak Life» қан тапсыру аптасы ұйымдастырылады.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына және «Болашақ» Қауымдастығының 15-жылдығына арналған «25 Қайрымды іс» жобасының шегінде өткізілетін бұл қадам Дүниежүзілік донор күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Баршаңызды донор болуға шақырады.
Толық ақпаратты дәрігерлердің ұсынымдарымен және басқа да қызықты фактілермен іс-шараның Facebook-тегі «Неделя донорства «Bolashak Life» атты ресми парағынан таныс бола аласыздар.
Ұйымдастырушылар «Болашақ» қауымдастығы, Республикалық трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы, «Өмір тамшысы» ҚБ.
Ынта білдірген донорларды 2016 жылғы 13 – 17 маусымда Қазақстанның барлық ірі қалаларынан, өңірлік қан орталықтарынан мына мекенжайлар бойынша күтеді.