Домой Жаңалықтар Қоғам Соңғы бес жыл ішінде Алматы облысына 269 жас дәрігер келген

Соңғы бес жыл ішінде Алматы облысына 269 жас дәрігер келген

Соңғы бес жыл ішінде Алматы облысына 269 жас дәрігер келген

Соңғы бес жыл ішінде Алматы облысына 269 жас дәрігер келген«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы Алматы облысы бойынша сәтті аяқталды. 2011-2015 жылдар аралығын қамтыған аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру үшін республикалық және жергілікті бюджеттерден 24,4 млрд. теңге қаражат бөлінген.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев айтты. Соңғы бес жыл ішінде облыстың денсаулық сақтау саласына бөлінген жалпы қаражат көлемі 52%-ға өсіп, 2015 жылы 68,7 млрд. теңгеге жетті.

Материалдық-техникалық базаны нығайту, соны үлгідегі технологияларды енгізу және медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін көтеру жұмыстары нәтижесінде соңғы бес жылда қол жеткізілген табыстар аз емес. Мысалы, облыстағы демографиялық ахуал жақсарды — бала туу саны 2011 жылғы 24,3-тен 2015 жылы 25,6-ға дейін өскен.

Адамның өмір сүру жасы да ұзарған (69,8-ден 71,8 жасқа дейін). Ана мен сәби өлімі де едәуір төмендеген. Мемлекеттік «Саламатты Казақстан» бағдарламасы шеңберінде медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын күшейту үшін денсаулық сақтау мекемелеріне 2 420,4 млн. теңгеге құрал-жабдықтар сатып алынған.

«100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша облыста 8 546,2 млн. теңге жұмсалған 8 нысан пайдалануға берілген. Ал, «350 дәрігерлік амбулатория, медициналық пункт және фельдшерлік-акушерлік пункт» бағдарламасы аясында 7 178,8 млн. теңгеге 38 нысан іске қосылған. Денсаулық сақтау саласы бойынша маңызды мәселелердің бірі – дәрігер- мамандарды, әсіресе жастарды көптеп тарту. Соңғы бес жыл ішінде облысқа 269 жас маман келген. Оларға көтерме жәрдемақы, баспана беріліп, жеңілдетілген несие және басқа да әлеуметтік жеңілдіктер ұсынылған. Шалғай ауылдардан түлеп ұшқан 82 студент облыс әкімінің гранты бойынша еліміздегі медициналық жоғары оқу орындарында білім алуда.

Дегенмен, бүгінгі таңда облыс бойынша невролог, эпидемиолог, аллерголог мамандар жетіспейді. Сондай-ақ, БАҚ өкілдерімен өткен брифингте облыстың бас дәрігері келесі жылдан бастап жүзеге асырыла бастайтын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы тарқатып айтып берді. Бүгінгі таңда бұл жүйе алдымен дәрігерлердің өз арасында егжей- тегжейлі түсіндірілуде.

baq.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here