Домой Жаңалықтар Қоғам Алматы облысында «Алтын белгі» төсбелгісі тапсырылды

Алматы облысында «Алтын белгі» төсбелгісі тапсырылды

Алматы облысында «Алтын белгі» төсбелгісі тапсырылды

Алматы облысында "Алтын белгі" төсбелгісі тапсырылдыКеше Алматы облысы бойынша 214 «Алтын белгі» иегерлеріне Талдықорғандағы «Жастар» саябағында құрмет көрсетілді. Үздіктерді облыс әкімі Амандық Баталов құттықтады.

Түлектерді құттықтай отырып, облыс басшысы А. Баталов «Алтын белгі» төсбелгісін мектеп бітірушілер өздерінің білімділігімен, ой өрісінің кеңдігімен, талаптылығымен алып отырғанын мақтан ететінін атап өтті.

— Тәуелсіздіктің 25 жылдығына қадам басқан еліміздің абыройлы азаматы болыңыздар. Алар асуларыңыз биік, мұраттарыңыз асыл болсын!

Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы: «Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Жаңа құндылықтар жастардың жүрегіне тезірек жол табады», — деген еді. Адамзат баласы өмір бойы білім алады. Өйткені білім – таусылмас қазына, баға жетпес байлық. Біз Сіздерден жаңалыққа жаны құмар, әлем өркениетіне жақын, озық ойлы жастар ретінде үлкен үміт күтеміз, — деді А. Баталов.

Мұнан соң облыс әкімі білім саласына облыста бұдан әрі де барлық қажетті қолдаулар көрсетілетінін айтты.

— Осы орайда, өскелең ұрпақтың терең білім мен тәрбие алуына өңірімізде қолайлы жағдай жасалып отыр. Нәтижесінде соңғы жылдары облысымыздың озат оқушылары республикалық, халықаралық білім сайыстарында биік белестерді бағындырып келеді.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы да өткен жылдан жоғары болып, орташа көрсеткіш – 80 балға жетті.

    «Алтын белгі» иегерлеріне, барлық жас түлектерге – үлкен өмір жолына басқан қадамдарың сәтті болсын, Ақ жол! – дейміз.

   Мәңгілік Еліміздің беделін асырып, биік белестерге жете беріңіздер! – деді үздіктерге «Алтын белгі» тапсырып тұрып облыс әкімі.

Жалпы, биылғы жылы облыста 214 түлек «Алтын белгі» төсбелгісіне, 171 оқушы ерекше үлгідегі аттестатқа ие болды.

Бұл орайда ҰБТ нәтижесі бойынша ең жоғары – 124 балды Кербұлақ ауданы Қарашоқы ауылындағы орта мектептің түлегі Талшын Шоқаева алды. Жалпы 28 оқушы 120 балдан жоғары көрсеткішке ие болды.

Салтанатты шарада концерт ұйымдастырылып, педагогтардың қолынан ақ көгершіндер ұшырылды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here