Бүгін Алматы облысы Талғар ауданындағы «Байсерке — Агро» ЖШС базасында ҚР Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Б. А. Сағынтаевтың төрағалығымен жер реформасы бойынша комиссия мүшелерінің Алматы облысы халқымен кездесу жиыны өтті. Аталмыш отырысқа Алматы облысының әкімі Амандық Баталов қатысты, деп хабарлайды Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бүгінгі күнге дейін Комиссиямен үш отырыс және Ақмола облысының халқымен кездесу өткізілді.
Алдынғы мәліметтерге сүйене кетсек, жер реформасы бойынша комиссия мүшелерінің негізгі міндеттері жер заңнамасының нормаларына қатысты ұсыныстарды қарау болып табылады.
Бұрынырақ, республикалық комиссияның екінші отырысында төрт жұмыс тобын (құқықтық, экономикалық, ақпараттық-түсіндіру және ашықтықты қамтамасыз ету бойынша) құру жөнінде шешім қабылданды. Жұмыс топтарының басшыларымен топ ішінде жеке отырыстар өткізілді.
Халық арасында түсіндіру жұмысын кеңінен жүргізу мақсатында ағымдағы жылдың 14 мамырынан бастап Call- центр (1434) қызмет етуде. Бүгінгі күнге дейін келіп түскен қоңыраулардың саны 9464 жетіп, оның ішінде жертелімдерін рәсімдеу, жалға алу, сату, сонымен қатар, ү.ж. 6 мамырында ҚР Президентімен бекітілген жарлығымен нормаларға мораторий жүргізу мәселелеріне қатысты қоңыраулар келіп түсуде.
Бұған қоса, арнайы ашылған «jerturaly.kz» сайтына сұрақтар мен ұсыныстар келіп түсуде. Бүгінгі күнге дейін 860 сауал келіп түсті. Барлық келіп түскен ұсыныстар тіркеуге алынып, комиссия мүшелерінің қарауына енгізілуде.