Көпшіліктің сұранысын қанағаттандыру мақсатында 2016 жылдың 3-ші шілдесінен бастап жаңа «Астана-Челябі» пойызы жолға шығады, деп хабарлайды «Жолаушылар тасысмалы» АҚ баспасөз қызметі.
Бұл бағыт Ресей темір жолы компаниясымен бірлесіп жолаушылардың Челябіден №145/146 «Челябі-Мәскеу-Санкт-Петербор» пойызына ауысып мінуі үшін ыңғайлы жасалған. Енді еліміздің Рудный, Костанай және баска елді мекендердің тұрғындары үшін Ресей қалаларына тез жететін тамаша мүмкіндік туып отыр.
Пойыз Атбасар, Есіл, Құсмұрын, Тобыл, Костанай және Троицк стансалары арқылы жүреді. Астанадан 16 сағат 00 минутта, ал Челябіден 10 сағат 56 минутта аттанады. Челябіге дейін жүретін уақыты — 19 сағат 26 минут, кері қарай -20 сағат 20 минут .
Пойыз Астана қаласынан 2016 жылдың 2-ші шілдесінен бастап, ал Челябіден 3 шілдеден бастап күнара қаатынайтын болады.