Анкара қаласында Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігі мен Анкара қаласының Кечиөрен ауданы муниципалитетінің бірлесіп ұйымдастыруымен Түркиядағы Қазақстан күндері өтіп жатыр, деп хабарлайды Түркі академиясының баспасөз қызметі.
Салтанатты шараның алғашқы күні, яғни 19 маусымда қазақ елінен барған «Адырна» фольклорлық-этнографиялық ансамблі мен «Алтынай» мемлекеттік халық биі ансамблінің өнерпаздары түркиялық көрерменге мерекелік концерт көрсетіп, ән мен жырдан шашу шашты.
Сонымен қатар, кеше Анкарада жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына арналған конференция өтті. Бұдан бөлек, Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған шара аясында көрнекті ақын Сүйінбай Аронұлына арнап, Анкара төрінен ескерткіш мүсіннің ашылуы жоспарланған.