Елорда күнін мерекелеуде барысындағы жарқын оқиғалардың бірі — Astana Art Fest қазіргі заманғы өнер фестивалі. Шараның салтанатты ашылуы 4 шілдеде өтеді. Осы күндері «Нұржол» желегінде ашық аспан астында ерекше инсталляциялар орнатылады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Өткен жылы шараға сансыз көп қонақтар мен қатысушылар жиналды. Биыл да ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарына қызықты инсталляциялар мен шеберлік дәрістерін ұсынбақ.
Биылғы фестивальдің негізгі тақырыбы — «Human energy — Адам энергиясы». Мереке қонақтары ашық аспан астындағы айырықша инсталляцияларды, жанды қойылымдарды, сәулетшілердің көрмелерін, суретшілер медиаларын, музыкалық және би думандарын және т.б. тамашалайды. Биылғы фестивальге негізінен Қазақстанның өкілдері қатысады, сонымен қатар, шара барысында таяу шетелдерден келген қонақтар да өз өнерлерін ортаға салады.
Фестиваль алаңы төрт тақырыптық секторға бөлінеді: қазіргі заманғы өнер, сәулет, дизайн және театр. Сонымен қатар, мұнда Astana Art Forum пікірталас-білім беру алаңы жұмыс істейді, оның аясында қатысушылар кез келген адамның талғамына сай дәрістер оқып, шеберлік-сыныптарын өткізеді.
Шара барысында көпшілік назарына жаңа бастаған суретшілердің еңбектері ұсынылады. Кейбір мүсіндер жаз бойы елорда тұрғындары мен қонақтарын қуантпақ.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы фестивальге 44 қазақстандық және 10 шетелдік шығармашылық өкілдері қатысқан болатын.