Домой Жаңалықтар Қоғам К.Мәсімов Алматы облысының жұртшылығымен кездесу өткізді

К.Мәсімов Алматы облысының жұртшылығымен кездесу өткізді

К.Мәсімов Алматы облысының жұртшылығымен кездесу өткіздіТалдықорған қаласындағы жаңа Оқушылар сарайын аралау барысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Алматы облысының жұртшылығымен кездесу өткізді.

Іс-шараға сондай-ақ бірқатар мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың басшылары қатысты. Өңір әкімі Амандық Баталов облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері мен перспективалары туралы мәлімдеді.

Үкімет басшысы өз сөзін құттықтаудан бастады. Кәрім Мәсімов Қазақстанда 23 маусымда атап өтілетін Полицейлер күні және Мемлекеттік қызметкерлер күнімен құттықтады.

Премьер-Министр жұмыс сапары барысында бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралап, «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық және тұрғын үй жобаларын жүзеге асыру барысымен, кәсіпкерлікті, өнеркәсіп өндірісін және ауыл шаруашылығын қолдау шараларымен танысты.

«Бүгін жемісті күн болды, маңызды мәселелер айтылды. Жауапты тұлғаларға бүгін көтерілген бір де бір мәселе қалыс қалмауын тапсырамын. Осында отырған адамдар сол шешімдерді сезіне білуі тиіс. Мемлекет басшысы бізге осыны тапсырды», — деді К.Мәсімов.

Премьер-Министр сондай-ақ жастар белсенділерімен кездескенін айтып өтті. «Олардың бәрі біздің еліміздің тәуелсіздігінің құрдастары. Олар мүлде басқа адамдар — ашық, еркін, сауатты, қазақ, орыс, ағылшын және басқа тілдерде жетік сөйлейді. Бұл бізді қуантады», — деп баса айтты К.Мәсімов.

Кездесу соңында К.Мәсімов өңір тұрғындарына амандық пен гүлденуді тіледі.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here