Домой Жаңалықтар Қоғам Блогерлер Жетісу табиғатына тәнті болып қайтты

Блогерлер Жетісу табиғатына тәнті болып қайтты

Блогерлер Жетісу табиғатына тәнті болып қайтты

Алматы облысының ішкі туризмін дамыту мақсатында ұйымдастырылған «Re-Public» блог-туры мәресіне жетті. Бұл шара Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспары бағдарламасында көрсетілген отандық туризмді дамыту тапсырмасы аясында ұйымдастырылған болатын.

Блогерлер Жетісу табиғатына тәнті болып қайтты

Блог-турға Ақтау, Шымкент, Семей, Қарағанды, Қостанай, Орал, Көкшетау, Алматы қалаларынан 50-600 мыңға дейінгі жастар аудиториясын қамтып отырған әлеуметтік желі парақшаларының әкімшілері қатысты. Бір аптаға созылған блог-тур барысында Қазақстанның әр түпкірінен жиналған блогерлер Түрген сарқырамасы, Есік, Қайыңды,  Көлсай көлдері, Шарын шатқалы, Әулиеағаш, Жаркент мешіті, Алтынемел мемлекеттік ұлттық саябағы және Бұрқанбұлақ сарқырамасына саяхат жасаған болатын. Олардың сапары бүгін Талдықорған қаласында аяқталды. Саяхатшыларды Алматы облысы әкімінің орынбасары  Бақтияр Өнербаев пен облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Алпысбаев бастаған Жетісу жастары күтіп алды. Алқалы жиында блогерлер бір апта бойы алған әсерлерімен бөлісіп, екі тарап өзара пікір алмасып, естелік сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.

Абзал Әуелбеков, «Шырайлы Шымкент» әлеуметтік парақшасының әкімшісі:

— «Re-Public» сынды жобалар еліміздің ішкі туризмін дамытуда үлкен үлесін қосады деп білемін. Бір апта бойы  Алматы облысының көрікті жерлерін  көріп, үлкен әсер алдық. Өйткен, мұндай әсем табиғатты бұған дейін шетелдік бағдарлама, кинолардан ғана көретін еді. Ал бұл жолы сондай керемет жерлердің өзіміздің Қазақстанда барын көріп таңқалдық. Тамсанып жүрген Еуропа да, Америка да керек болмай қалды, — деген жүрекжарды лебізімен бөлісті.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here