Домой Жаңалықтар Спорт Жауынгерлік өнер фестивалінде астаналықтар жекпе-жектер ұрыстарын тамашалайды

Жауынгерлік өнер фестивалінде астаналықтар жекпе-жектер ұрыстарын тамашалайды

Жауынгерлік өнер фестивалінде астаналықтар жекпе-жектер ұрыстарын тамашалайды

Жауынгерлік өнер фестивалінде астаналықтар жекпе-жектер ұрыстарын тамашалайдыАстанада Елорда күні қарсаңында «Дәулет» Ұлттық теннис орталығында екінші халықаралық жауынгерлік өнер фестивалі өтеді, шара барысында үздік жекпе-жек өкілдері бір аренада өз өнерлерін ортаға салады. Фестиваль бағдарламасында үздік шеберлер 11 дисциплинадан көрнекі ұрыстар көрсетеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Елордалықтар спорттық мерекеге арнайы келген танымал қонақтармен кездеседі.

Вин-Чун халықаралық федерациясының құрметті президенті Сифу Дональд Мак Астанаға алғаш рет ат басын тіреді. Қазақстанда аталмыш федерацияның 4 мектебі жұмыс істейді.

Фестиваль қонақтарының бірі аралас стильдегі кәсіпқой спортшы Хабиб Нұрмагомедов. Ол Астананың әрқашан да жылы шыраймен қарсы алатынын атап өтті.

Спорт сүйер қауым фестивальде кәсіпқой спортшы, әскери жекпе-жектер нұсқаушысы Сергей Бадюктің өнерін тамашалайды. Ол келер жылы астаналық парктерде шанти-практика өткізуге уәде берді.

– Спортқа тартылатын жастар көп, бақытымызға орай, бұл бүгінде сәнге айналды. Бәріне бірдей жекпе-жекпен айналысу қажет емес, ең бастысы деніміз сау әрі мықты болсақ болды. Астанада алаңдармен жасақталған жақсы парктер бар, сондықтан келер жылы шанти-практика өткізуіміз әбден мүмкін, – деді Сергей Бадюк.

Фестивальдің құрметті қонақтарының ішінде тай боксшысы және кикбоксер, тай боксынан Ресейдің еңбек сіңірген спорт шебері Артем Левин де бар. Спорттық мерекеге отандық спортшылар да қатысады.

Айта кетейік, аренада Италия, Қазақстан, Қытай, Ресей, Филиппин және Жапония мемлекеттерінің үздік шеберлері өнер көрсетеді. Ал ертең, 29 маусымда қатысушылар елордалық оқушыларға арналған шеберлік дәрістерін өткізеді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here