Домой Жаңалықтар Қоғам Тәуелсіздік алғалы бері Алматы облысында 188 елді мекен жаңа атауға ие болған

Тәуелсіздік алғалы бері Алматы облысында 188 елді мекен жаңа атауға ие болған

Тәуелсіздік алғалы бері Алматы облысында 188 елді мекен жаңа атауға ие болған

a6972a45-63d2-4f9f-8a22-b39f01bde682Тәуелсіздік алғалы бері Алматы облысында 188 елді мекен жаңа атауға ие болған. Сондай-ақ, 75 ауылдық округ, 191 әлеуметтік нысанның атауы жаңаланған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысы Ахмет Кендірбекұлы мәлімдеді. Ұлы Жеңістің маңыздылығы мен өзектілігі де ескеріліп, 39 көшеге соғыс ардагерлерінің есімдері берілген.

Облыстағы тілдік ахуал, мемлекеттік тілдің қызмет ету аясын кеңейту мен мәртебесін нығайту мақсатында атқарылып жатқан іс-шараларға тоқталған А. Кендірбекұлы мемлекеттік тілдегі құжат айналымы туралы да тарқатып айтып берді. Мысалы, 2016 жылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша кіріс құжаттарының 82,3 %-ы, ал шығыс құжаттарының 99,3 %-ы мемлекеттік тілде көрініс тапқан.

Ана тіліміздің мәртебесі бесіктен бастау алатындығын айтқан спикер балабақша, мектептегі мемлекеттік тіл мәселесіне де тоқталып өтті. Облыстағы 337 балабақшаның 70,0%-ы қазақ тілді. Ал, 737 мектептің 414-і қазақ тілінде білім береді. Соның ішінде қазақ тілінде оқитын 330 мыңнан астам оқушының арасында 8054-і этнос өкілдері.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here