Домой Жаңалықтар Мәдениет Астана көшелерімен цирк кавалькадасы жүріп өтті

Астана көшелерімен цирк кавалькадасы жүріп өтті

Астана көшелерімен цирк кавалькадасы жүріп өтті

877b5a1116ca5b7b889f55b0030Ертең, 2 шілдеде дәстүрге айналған «Азия жаңғырығы» халықаралық цирк өнері фестивалі ашылады. Жыл сайынғы шара көрермендерін тәнті етпек. Бүгін астаналықтар фестивальдің жарқын шараларының бірі – дәстүрлі кавалькаданы тамашалады. Цирк әртістері үрмелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен қала көшелерімен жүріп өтті, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Мерекелік шеру Астаналық цирк жанынан басталып, Қабанбай батыр даңғылымен, Достық көшесімен, Түркістан және Қонаев көшелерімен жүріп, Астаналық циркке келіп тоқтады.

Фестиваль қатысушылары үлкен автобусқа мінді. Шеруді жануарлар, аттар, пони, түйелер бастап жүрді. Өтіп бара жатқан адамдар мен көлік жүргізушілері парад қатысушыларын қошеметтеп, естелікке суретке түсті.

Биыл Астаналық цирк көрермендерін жаңа номермен таң қалдырмақ. Екі әртіс күрделі жанр — штейн-трапта өнер көрсетпек. Цирк өнері марафонына сегіз мемлекеттің әртістері қатысады. Белоруссия, Голландия, Қазақстан, Қырғызстан, Монғолия, Ресей, Түркменстан және Эфиопия елдерінің дүниежүзілік фестивальдердің жүлдегерлері мен лауреаттары, өз жанрларындағы хас шеберлер, цирк өнеріндегі әулеттердің ұрпақтары өздерінің виртуоздық көрсетілімдерін қонақтардың назарына ұсынатын болады. Әртістердің көбі елордалық цирк күмбезінің астында алғаш рет өнер көрсететін болады.

Қала тұрғындары мен қонақтары цирк өнері фестивалін шілденің 2-сі мен 7-сі аралығында тамашалайды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here