М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында кезекті театрлық маусым аяқталды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Биыл театр ұжымы атаулы шараны ерекше атап өтпек. 115-ші мерейтойлық маусымның жабылу салтанатында кеш қонақтары «қызыл жолмен» жүріп өткен әртістерді қошеметпен қарсы алды.
Театр әртістері көрермендерге ерекше тосын сый жасады – актерлар соңғы бес жылдан бері көпшілікті қуантып жүрген қойылымдардан театрлық калейдоскоп көрсетті. Атап айтқанда, «Кьоджинские перепалки», «Тот, майор и другие», «Дикарь», «Затюканный апостол», «Язычники», «Томирис», «Черный монах», «Примадонны», «Хаос», «Пробуждение» және т.б. спектакльдерден үзінділер ұсынды.
Осы күнге дейін спектакльдерде жетекші рөлдерді сомдап жүрген қазіргі заманғы орыс драма театрының бастауында тұрған тұлғаларға және театр өнерінің корифейлеріне сахна төрінде құрмет көрсетілді.
Биылғы маусымда театр халықаралық фестивальдерге қатысып, Қазақстанның қалалары бойынша гастрольдерге барды, спектакльдердің премьераларын және «Горьковцы, с любовью!» ұранымен түрлі акциялар өткізді.
Ұйымдастырушылар мерекеге орай бірнеше арнайы номинация дайындап, театр мен спектакльдердің үздік актері мен актрисасын атап өтті.
Айта кетейік, М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының тарихы 1899 жылдан басталады. Бүгінде театр репертуарында Н. Гоголь, А. Чехов, М. Булгаков, А. Вампилов, Ф. Вебер, У. Шекспир, Т. Уильямс және басқа да авторлардың шығармаларынан 30 артық шара бар.
Ұлттық драматургия театр репертуарында ерекше орын алады.О. Бөкейдің «Последнее причастие», Б. Жандарбековтың «Томирис — царица сакская», А. Оразбековтың «Одинокая яблоня» шығармалары М. Горький атындағы театрда алғаш рет орыс тілінде қойылды.